Атырау облысында ер адам өзін жұрттың көзінше өртеп жіберген

Dalanews 15 қаң. 2024 10:34 858

Атырау облысында ер адам өзін жұрттың көзінше өртеп жіберген, - деп хабарлайды Dalanews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап. 

Оқиға 13 қаңтар күні сағат 16:45 шамасында болған.

БАҚ мәліметінше, 62 жастағы ер адам отбасылық жанжалдан кейін өзін өртеп жіберген.

"Ер адам Доссор кентіндегі Аймағамбетов көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінің жанында өзін өртеп жіберді. Денесінің 70 пайызын күйік шалды. Ол Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді", - дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.


Сонымен қатар, бүгін, 15 қаңтарда Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы жәбірленушінің жағдайы туралы айтты.

"Жағдайы ауыр. Ер адам жансақтау бөлімінде жатыр", - дейді ведомство өкілдері. 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар