Атырау облысында аңшылық адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Атырау облысы Полиция департаменті бұл ақпаратты растады.
"Қызылқоға ауданы полиция бөлімі Аққора елді мекенінің маңында болған қылмысқа қатысты адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғады. 36 жастағы күдікті қамауға алынып, кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Полиция өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайтынын мәлімдеді.
