Атырау облысында AMANAT партиясының депутаты жұмысшыны соққыға жыққан - БАҚ

Көркем Алдабергенова 02 жел. 2025 13:20

Атырау облысында жұмысшыны соққыға жыққан ер адамға қатысты видео әлеуметтік желіде тарап, қоғам назарын аудартты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жылыой ауданының тұрғыны жариялаған бейнежазбада AMANAT партиясының жергілікті депутаты әрі қоғамдық кеңес төрағасы Бекет Құлбаевқа ұқсайтын адамның жұмысшыны ұрған сәті көрсетілген.

Полиция департаменті оқиғаға байланысты тексеріс жүргізіп, жанжалға қатысқан азаматтардың жеке басын анықтағанын мәлімдеді.

Құқық қорғау органдары жұмысшыға қол көтерген ер адамға қатысты «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалғанын хабарлады. Ал жәбірленуші арыз жазудан бас тартқан және дәрігерлердің көмегіне жүгінбеген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар