Атырау мұнай өңдеу зауытында 1 қазаннан бастап жоспарлы-алдын алу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Dalanews.kz кәсіпорынның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жұмыстарға 1800-ден астам маман қатысып, ыдыстарды, аппараттарды, пештерді және технологиялық құбырларды тексереді. Сондай-ақ реакторларды жөндеу, колонналардың ішкі құрылғыларын жаңарту және басқа да технологиялық шаралар жоспарланған.
“Жоспарлы-алдын алу жұмыстары кезеңінде мұнай өнімдерін тиеп-жөнелту алдын ала қалыптастырылған қор есебінен жүзеге асырылады. Зауыттың резервуарлық паркінде 37 мың тонна автобензин, 30 мың тонна дизель отыны және 6,8 мың тонна авиаотын жинақталған. Бұл қорлар зауыттағы жұмыстар жүргізілетін уақыттың барлығында батыс өңірлерге мұнай өнімдерін бірқалыпты әрі уақытылы жеткізуге мүмкіндік береді”, – деп мәлімдеді кәсіпорын.
Технологиялық қондырғыларды кезең-кезеңімен іске қосу 25 қазаннан бастап жоспарланған.