Асхат Рахымжанов: Адамға бағытталған ұстаным - Жаңа Конституцияның негізі

Сағыныш Сардарова 28 ақп. 2026 15:12

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Асхат Рахымжанов мемлекет ең алдымен адам үшін, оның құқығы, қадір-қасиеті мен бостандығы үшін қызмет етуге тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның сөзінше, жаңа Конституция жобасы адамға бағытталған қағиданы бекітеді және азаматтың өмірі мен құқығын ең жоғары құндылық ретінде таниды.

Асхат Рахымжанов әділеттілік нақты сезілуі керегін атап өтті: еңбек құрметтелуге тиіс, заң халыққа қызмет етуі қажет, ал әр азамат өзін қорғалған әрі болашағына сенімді сезінуі керек.

Оның пікірінше, дәл осындай ұстаным елді шын мәнінде мықты әрі тұрақты етеді.

Айта кетейік, Астанада "Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер" атты партияаралық дебат өтіп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы 2026 жылы 15 наурызда жаңа Конституция бойынша республикалық референдум өткiзу туралы жарлыққа қол қойды. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove