Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жаңа қызметке тағайындалды. Ол "Әділет" партиясы төрағасының орынбасары болды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Төраға орынбасары қызметін Асхат Ораловпен қатар Нұрсұлтан Байтілесов пен Эльдар Жұмағазиев те атқарады.
Асхат Оралов 1990 жылғы 10 ақпанда Павлодар облысында дүниеге келген.
Ол Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, сондай-ақ Ресей Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын тәмамдаған.
2023 жылғы 4 қаңтарда Асхат Оралов Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды. Сол жылдың 1 қыркүйегінде ол бұл қызметтен босатылды.
Кейін, 2025 жылы Асхат Оралов Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған.