Астанадағы Қазақстан Қарулы Күштерінің мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының экспозициясынан алты жыл бұрын орнатылған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың балауыз фигурасы жоғалып кетті, - деп хабарлайды Dalanews.kz Tengrinews.kz-ке сілтеп.
Бұған дейін Тұңғыш Президенттің балауыз фигурасы мұражай залдарының бірінде үстел үстінде болған.
Фото: Tengrinews.kz
Енді Назарбаевтың орнына сол үстелде армия генералы,кеңес және қазақстандық әскери көсем, Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры және Қазақстанның Халық батыры Сағадат Нұрмағамбетовтің балауыздан жасалған ескерткіші тұр.
Фото: Tengrinews.kz
Музейдегілер Tengrinews.kz тілшісіне экс-президенттің фигурасы экспозициядан алынып тасталғанын, енді ол олардың қорында екенін айтқан. Ресми түсініктеме алу үшін Қорғаныс министрлігіне жүгінуді сұраған.
Назарбаевтың балауыздан жасалған фигурасы музейде 2018 жылы пайда болған. Жұмыстың авторы-гиперреалист суретші Айдос Есмағамбетов.