Астанадағы автосервистегі ірі өрт оқшауланды

Самал Асқар 27 ақп. 2026 21:36

Алматы ауданында орналасқан жеке тұрған автосервис ғимаратындағы өрт оқшауланды, деп хабарлайды Dala news.

«ТЖМ күштерімен өрт оқшауланды. Өртті сөндіру жалғасуда», – делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігіне бұған дейін Сарыағаш көшесіндегі бір қабатты автосервис ғимаратында өрт шыққаны хабарланған. Алғашқы бөлімшелер жеткен кезде қою түтін мен ашық жалын байқалған.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында оттың жақын маңдағы ғимараттарға таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove