Freedom Inside '26

Астанадағы автобус апатына қатысты жаңа дерек шықты

Астанадағы автобус апатына қатысты жаңа дерек шықты
ашық дереккөз

Астанадағы автобус апатына қатысты жаңа дерек шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Астана Полиция департаментінің Tengrinews.kz-ке берген жауабына сүйенсек, автобус жүргізушісі мас болмаған, мұны медициналық куәландыру растаған. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.

"Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді. Қазір істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты зерттеуге бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәліметінше, жүргізуші ауруханаға жатқызылған, уақытша еңбекке жарамсыз.

"Еңбек кодексінің 57-бабының 4-тармағына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыз болған кезінде еңбек шартын бұзуға болмайды. Жүргізушімен арадағы еңбек шарты бұзылған жоқ", - деп нақтылады басқарманың баспасөз қызметі өкілі.