Астанада Халықаралық йога күніне орай ашық жаттығу өтеді

Ақтоты Жапатова 20 мау. 2025 13:31

Елордада 21 маусымда 11-ші Халықаралық йога күні – #IDY2025 аталып өтеді. Мереке Ботаникалық бақта (Түркістан көшесі жағынан кіру) өтеді, деп хабарлайды Dalanews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара таңғы сағат 6:00-де басталады. Қала тұрғындары мен қонақтары қатыса алады.

Мерекелік бағдарламада Үндістаннан келген тәжірибелі жаттықтырушылармен бірге жаттығу, сондай-ақ қатысушыларға арналған сыйлықтар мен сертификаттар қарастырылған.

Қатысу үшін өзіңізбен бірге йогаға арналған төсеніш, бас киім және жақсы көңіл-күй ала келуіңіз керек.

Іс-шараны ұйымдастырушылар – Астанадағы Үнді мәдени орталығы және Yoga Family Astana. Ол Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар