Астанада тұмау өршіп тұр

Dalanews 07 жел. 2025 20:41

Бас қалада A(H3N2) тұмау вирусы, Covid-19-дың жеті жағдайы, сондай-ақ 14 жасқа дейінгі балалардан алынған 26 сынамада тұмау расталды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Астананың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айгүл Шағалтаева ЖРВИ мен тұмаудың өршуіне байланысты санитариялық-індетке қарсы шараларды енгізу туралы қаулыға қол қойды. Құжатта мектептерде, ауруханалар мен емханаларда режимді қатаңдату, сондай-ақ стационарларда келушілерге шектеу енгізу қарастырылған.

Санитариялық қызметтің мәліметінше, жағдай тұрақсыз күйінде қалып отыр. Соңғы аптада ЖРВИ-дің 13 536 жағдайы тіркелді, оның 58%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар.

Өткен аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 1,7 есе төмендегенімен, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе өсім байқалады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар