Астанада тіркеусіз тұрған 41 906 адам жауапқа тартылды

Астанада тіркеусіз тұрған 41 906 адам жауапқа тартылды
pixabay.com

Биыл Астанада тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрған 41 906 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оның 533-і әкімшілік жаза алғаннан кейін бір жыл ішінде талапты қайта бұзған.

Шетелден Қазақстанға келген азаматтар елге кірген күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде тіркелуге міндетті. Тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұру әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 492-бабы бойынша мұндай заң бұзушылық үшін 20 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл қарастырылған. 

Елорда прокуратурасы тұрғындарды тіркеусіз және тиісті құжаттарсыз азаматтардың тұруына жол бермеуге шақырды.