Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне және Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты қатынастардың орнағанына 25 жыл толады. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанды алғаш таныған мемлекет бауырлас Түркия болды.
Қазақ елінің тәуелсіздік мерекесіне орай Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі, Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы және Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TIKA) Астана координаторлығы бірлесе отырып үлкен тарту жасамақшы. 26 -27 қазанда Астана қаласында «Түркия күндері» өтеді.
Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығының мәлімдеуінше, Астана халқы мен қонақтары «Түркия күндері» аясында 26 қазан күні сағат 19.00-да КазМедиа Киноконцерт залында «Қазақстан –Түркия достық әуендері» атты концертті тамашалай алады.
Концертке Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігіне қарасты «Анкара Түркі әлемі музыкалық ансамблі» арнайы мерекелік репетуар дайындап, әсем қала Астана жұртын түрік әуеніне бөлейді. 2 сағатқа созылатын мерекелік концертте түрік әндері және билерімен қоса Анадолы жұртынан келетін өнерпаздар қазақша шығармалар да орындайды
Шараға Қазақстаннан танымал әншілер Кәмшат Жолдыбаева, Димаш Құдайбергенов, Гүлнұр Оразымбетова және «Ханзада» тобы қатысады. Қазақстандық өнерпаздар түрікше, Түркиялық өнерпаздар қазақша шығармалар орындайды.
Атап өту керек, концерттік шара ақысыз негізде болады. Тағы бір айта кететін жәйт, концертке келген көрермендер арасында қолма -қол лоторея ойнатылып, Түрік әуе жолдары Ыстамбұл қаласына барып қайту билеті ұсынады. Сондай –ақ смартфон да лотореяға тігіледі. Жеңімпаздарды анықтау мақсатында концерттен бұрын лоторея билеті таратылып, сәтті номерлер концерт кезінде анықталады.
«Түркия күндері» аясында бұдан тыс қазанның 27-нде «Османлы дәуіріндегі сарай киімдері дефилесі» өтпекші. Дефиледе Түркияның Адана қаласында орналасқан Қыздар техникалық қол өнер училищесі дайындаған Османлы дәуірінде сарайда киілген киім үлгілері көрсетіледі. Аталған оқу орны стилистері 40 киім үлгісінен тұратын топтама дайындаған. Бұл топтама Ыстамбұлдағы Топкапы және Долмабахче Сарайында сақталған ғасырлық киімдер негізге алына отырып тігілген.
Астана халқы мен қонақтарын 26 қазанда болатын «Қазақстан –Түркия достық әуендері» концертін тамашалауға шақырамыз.
Күні: 26 қазан 2016
Өтетін орны: Астана, Қонаев көшесі №4, «КазМедиа» кино және концерт залы
Кіру тегін.
БАҒДАРЛАМА
19:00 Ашылу рәсімі 19:10 Концерт 20:30 Сертификат тапсыру рәсімі
БАЙЛАНЫС: 8 777 533 91 30