Астанада Қазақстан полициясы күніне орай дрондар шоуы өтеді

Астанада Қазақстан полициясы күніне орай дрондар шоуы өтеді
Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Астанадағы ЭКСПО ауданында Қазақстан полициясы күніне орай дрондардың жарық шоуы өтеді,- деп хабарлайды Dalanews.kz

"Дрондар шоуы 23 маусым күні сағат 22:00-де басталады. Аталған шоу мерекелік бағдарламаның басты бөлігіне айналып, заң мен тәртіпке деген құрметтің символы болмақ", - делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетейік, шоу алдында концерттік бағдарлама өтеді. Концерт 21:00-де басталады.