Астанада қауіпті көлік жарысын ұйымдастырған бірнеше адам ұсталды

Қаракөз Амантай 03 сәу. 2026 09:29

Елордада жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушілер анықталды. Салық Зиманов көшесінде Skoda мен екі Toyota Highlander көлігінің иелері жолды толық жауып, қауіпті жылдамдықпен жарыс ұйымдастырған. Салдарынан өзге көлік қатысушылары үшін апатты жағдайлар туындаған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Полицияның мәліметіне сүйенсек, оқиғаға 18 және 33 жастағы ер адамдар және жүргізуші куәлігі жоқ кәмелетке толмаған жасөспірім қатысқан.

Барлық көлік айыптұраққа жеткізілді. Ал жасөспірімнің ата-анасы бірнеше құқық бұзушылық бойынша жауапқа тартылды. Оларға көлікті құқығы жоқ адамға беру, бала тәрбиесіне немқұрайлы қарау және түнгі уақытта баланың қараусыз жүруіне жол беру деректері бойынша әкімшілік шаралар қолданылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove