Журналист Дүйсенәлі Әлімақын әлеуметтік желіде Астанадағы Қаламгерлер аллеясында болған келеңсіз жағдайға куә болғанын жазды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оның айтуынша, демалып отырған кезде бірнеше адамның мәдени нысанға құрметсіздік танытқанын байқап қалған.
“Қаламгерлер аллеясында отыр едім. Кенет осындай жағымсыз жағдайға тап болдым. Қастарына барып, “бұл тұлғалардың кім екенін білесіңдер ме?” деп сұрадым. Бірақ олар “Что? Что?” дегеннен аса алмады. Олардың әрекетін дәлел ретінде видеоға түсіріп алдым. Ешқандай ұялу да, кешірім сұрау да болмады”, – деп жазды журналист.
Ол бұл әрекетті “басыну ма, әлде надандық па?” деп бағалады.
Астана полициясы аталған оқиғаға қатысты әзірге ресми пікір білдірген жоқ.