Яғни бұлар – 64 жастағы нигерялық пен оның 54 жастағы жұбайы Ұлыбритания азаматы. Әрі ерлі-зайыптылардың 17 және 8 жастағы балалары ажал құшқан.
Түнде пәтер ішінде жиһаз өртеніп, ұзақ уақыт бықсыған. Ал шырт ұйқыда жатқан отбасы түтінге тұншығып, көз жұмған.
Марқұм отағасы Назарбаев университетінің жанындағы медициналық мектепте сабақ берген екен. Мұнда Кэнджи Элай есімді профессор былтырдан бері жұмыс істеген.
Қазір қайтыс болған азаматтардың мәйітін отанына жеткізу мәселесі қаралып жатыр. Ал бір жанұяны жазым еткен өрттің неден шыққаны белгісіз. Қазір пәтерге мөр басылып, тиісті сараптамалар жүргізілуде.
– Бөлмеде алапат өрт болмаған. Қайтыс болу себебі, газға уланған. Алдын ала айтсақ, сым тоқтары тұйықталған болуы мүмкін, – деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметінің жетекшісі Руслан Иманқұлов.
Досжан Маратұлы
Дереккөзі: КТК арнасы