Астанада науқастарды алдаған дәрігер сотталды

Сағыныш Сардарова 09 қаз. 2025 09:51

Астанада 6 науқасқа мүгедектік рәсімдеуге көмектесемін деп алдап кеткен клиника дәрігеріне қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алаяқ дәрігер өзінің қызметін жұмыс орнында ұсынған, алайда шын мәнінде мұндай көмек көрсетуге құқығы болмаған. Алдап алған 4 млн теңгеден аса қаражатын ол жеке қажетіне жұмсаған.

рокурор ұсынған дәлелдермен айыпталушының кінәсі толық дәлелденді, қылмыстық құқықбұзушылықтар жиынтығын ескере отырып, ол бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Материалдық шығын өндірілді", - деп жазылған хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар