Астанада марқұм донордың ағзалары үш науқасқа салынады

Астанада марқұм донордың ағзалары үш науқасқа салынады
Фото: видеодан скрин

Астанада дәрігерлер қайтыс болған донорды құрмет дәлізімен ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Операция түнгі уақытта жүргізілді. Мамандар донордың жүрегін, бір өкпесі мен бауырын алды. Бұл ағзалар трансплантация кезегінде тұрған үш науқасқа салынады.

Денсаулық сақтау министрлігі осындай ауыр сәтте маңызды шешім қабылдаған марқұмның жақындарына алғыс білдірді. Отбасының келісімі үш адамның өмірін сақтап қалуға үміт сыйлады.

Ресми мәлімет бойынша, жыл басынан бері Қазақстанда 132 ықтимал қайтыс болғаннан кейінгі донор анықталып, 205 трансплантация жасалған.

Елімізде ағза донорлығы бойынша оң өзгеріс 2025 жылдан бастап байқалды. Сол жылы 18 донорлық процесс жүзеге асырылды. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштен үш есе көп. Нәтижесінде 68 ағза трансплантацияланды.

Ал 2023 жылы елімізде 19 ағза алмастыру операциясы жасалса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 23-ке жеткен.