Астанадағы Роза Бағланова көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен қыз құлап, оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Куәгерлердің айтуынша, қыз құлаған кезде үй маңында тұрған курьердің мотоциклін жанап өткен. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі шақырылғанымен, қыз ауыр жарақат салдарынан дәрігерлер келгенге дейін көз жұмған.
Полиция департаменті аталған фактіні растады. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз терезеден өзі секірген болуы мүмкін.
Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын, себептерін және барлық жағдайларын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.
Оқиғаның өзге деректері әзірге жарияланған жоқ. Тергеу нәтижесі бойынша қосымша ақпарат беріледі.