Астанада көпқабатты тұрғын үй маңынан екі адамның денесі табылды: полиция түсініктеме берді

Қаракөз Амантай 19 жел. 2025 13:04

Астана полициясы Highvill тұрғын үй кешенінде болған екі қайғылы оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.

“18 желтоқсанда полицияға Highvill тұрғын үй кешенінің аумағында мәйіт табылғаны туралы хабар түсті. Жедел тексеру барысында марқұмның жеке басы анықталды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол өз-өзіне қол жұмсаған.

Сонымен қатар қала аумағының басқа жерінде Астананың бір тұрғыны тұрғын үйдің 18-қабатынан құлаған”, - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда екі дерек бойынша да қылмыстық іс басталып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Egov.press телеграм арнасы Астана қаласындағы Highvill тұрғын үй кешенінде бір-бірімен байланысы жоқ екі адамның бір мезгілде секіріп, қаза тапқаны туралы ақпарат таратқан еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар