Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режимінде жұмыс істеп жатыр

Dalanews.kz 17 ақп. 2025 12:40 448

Елорданың коммуналдық қызметі тәулік бойы күшейтілген ауысым режимінде жұмыс жүргізіп жатыр,- деп хабарлайды Dalanews.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

14 ақпан күні таңертең қар тазалау жұмысыда 2 552 жол жұмысшысы және 1 219 арнайы техника жұмылдырылды.

17 ақпанға қараған түні қар полигондарына қаладан 1 781 рейспен 23 мың текше метр қар шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бастап елордадан 478 264 ауыр жүк рейсімен 5,9 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.

Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.

Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.

Астана әкімдігі елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұрады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар