Астанада бизнес-тренер 50 миллион теңгеден астам залал келтірген алаяқтық үшін сотталды. Бұл туралы елорда прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Іс материалдарына сәйкес, әйел Instagram желісі арқылы онлайн-сауда жүргізуді үйрететін курстар ұсынған. Оқуды аяқтағандарға ол тұрмыстық техниканы көтерме бағамен сату ісіне инвестиция салуға кеңес беріп, салынған қаражаттан 10% пайда уәде еткен.
"Төлемді алған соң, уәде етілген қызметтерді орындамай, клиенттермен байланысты үзген және із-түссіз кеткен. Мемлекеттік айыптаушы айыпталушының он алаяқтық эпизоды бойынша кінәсін толық дәлелдеді", – делінген ресми хабарламада.
Соттың үкімімен әйел бес жылға бас бостандығынан айырылды.