Астанада былтыр 18 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген

Ақтоты Жапатова 26 ақп. 2025 13:17 306

2024 жылы Астана қаласының мемлекеттік органдары 18 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетті. Бұл туралы елорданың Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Мақсат Мусин Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты,- деп хабарлайды Dalanews.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мақсат Мусиннің айтуынша, департамент уәкілетті орган ретінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қатысты мемлекеттік бақылау шараларын жүзеге асырады.

"Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау үшін азаматтық қоғамды тарту жұмысы күшейтілді", - деді Мақсат Мусин.

Ведомство басшысы сөзін жалғай отырып, департамент жанында Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы жұмыс атқаратынын, онда мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленетінін тілге тиек етті.

Оның айтуынша, жұмыс тобы мынадай міндеттермен айналысады:

  • Мемлекеттік қызметтерді жақсарту бойынша мәселелер мен ұсыныстарды талдау;
  • Қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру үшін ұсыныстар әзірлеу;
  • Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту, заңнаманы жетілдіру, әзірлеу және енгізу бойынша мемлекеттік органдармен, оның ішінде тиісті мемлекеттік органдарды өзара іс-қимыл;
  • Мүдделі мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу.

"Біз елорданың белсенді тұрғындарын және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерін, азаматтық ұстанымы айқын қоғам қайраткерлерін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі жұмыс тобына қосылуға шақырамыз", - дейді департамент басшысы.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар