Жетісу облысында екі көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам көз жұмды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 26 маусым күні кешкі уақытта Алматы – Өскемен тасжолының 432-шақырымында болған.
Жол апатына екі автокөлік қатысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында қаза тапты.
Сондай-ақ түрлі дене жарақатын алған тағы екі жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол апатының мән-жайы мен себептерін анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.