Астана қаласында ((beu)) fest фестивалі өтеді. Бұл – 2025 жылды түйіндейтін ауқымды музыкалық іс-шара, деп хабарлайды Dalanews.kz
Бұған дейін Алматы қаласында ұйымдастырылып келген ән мерекесін елордалықтар асыға күтуде. Талғамы биік тыңдарманға ерекше энергия мен ұмытылмас эмоция сыйлайтын фестиваль Астананы айырықша атмосфераға бөлемек.
((beu)) fest 2025 Astana – өміршең өнер мен заманауи музыка дәріптелетін думан. Бұл қазіргі қазақ музыкасына қызығушылық танытатын тыңдармандар үшін тамаша тарту болмақ.
Көрермен қауым фестивальде белгілі әншілер мен жас жұлдыздардың өнеріне куә болады. Атап айтқанда, Ninety One, VSXV PRiNCE, Aikyn, Shiza, Yenlik, 6ELLUCCI, Ayau, Marhaba Sabi, ARO, kilemger астаналықтарды ерекше әндерімен баурайды. Ал kanuraichik, meow! dammit пен plecto алғаш рет ((beu)) fest сахнасында ән шырқайды.
((beu)) fest 2025 Astana – қазақтың заманауи музыка өнеріне жаңа серпін беретін және жас таланттарды жұртшылыққа танытатын бірегей жоба.
Өтетін күні: 2025 жылғы 12 желтоқсан, сағ.: 18.00
Өтетін орны: «Барыс Арена», Астана қаласы
