Freedom Inside '26

Газ кешеніндегі жарылыстан кейін Қазақстан Қатарға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді

Газ кешеніндегі жарылыстан кейін Қазақстан Қатарға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді
Ақорда

Мемлекет басшысы Қатар әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рас-Лаффан өнеркәсіп орталығында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адам жарақат алуына және із-түзсіз жоғалуына байланысты Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге көңіл айтты.

"Осындай қиын сәтте Қатарға тілектеспіз және адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстарына қолдау білдіреміз", – делінген жеделхатта.

Еске салайық, 21 маусымда кешке Қатардың солтүстігіндегі Рас-Лаффан өнеркәсіп аймағында әлемдегі ең ірі сұйытылған табиғи газ өндіру кешендерінің бірінде жарылыс болды.

Алдын ала мәлімет бойынша оқиғаға техникалық ақау себеп болған. Қатар билігі тұрғындарға қауіп жоқ екенін хабарлады.

Қазіргі мәліметке сәйкес жарылыс салдарынан 13 адам қаза тауып, 66 адам жарақат алған.