Астанада Ақнәр Хамиттің анасын полиция ұстап әкеткен, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы заңгер Инга Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
"Қайтыс болған жастардың - Сана Мерланның, Ақанова Әделдің және Ақнар Гүлстанның аналары Президент Әкімшілігінің кеңсесі (канцеляриясы) ғимаратының алдында полиция қызметкерлері тарапынан ұсталды. Аналар Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ұжымдық өтініш тапсыру үшін барған. Өтініштің мақсаты - балаларының өліміне қатысты қылмыстық істердің объективті, тәуелсіз және толық тергелуін талап ету. Алайда олар ғимаратқа кіріп үлгермеген. Өтініш қабылданбаған. Аналарды полиция белгісіз бағытқа алып кеткен", - деді ол.
Заңгердің сөзінше, қазір олардың нақты қай полиция бөлімінде екені белгісіз.
Айта кетейік, 2024 жылы 22 жастағы Ақнәр Хамит Алматыдағы тұрғын үй кешенінің жетінші қабатынан құлап мерт болған.
Еске салайық, бұған дейін Ақнәр Хамиттің анасы қызының қазасына қатысты істі Астанаға беруді талап етті.
