Астанада 73,5 млн теңге көлеміндегі пара алу ісі бойынша үкім шығарылды

Көркем Алдабергенова 08 шіл. 2025 18:14

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 21 қазандықты қайта құру жобасына оң қорытынды алу үшін пара беруге қатысты іс бойынша үш адамды кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тергеу нұсқасына сәйкес:

2024 жылдың қыркүйек–қазан айларында Республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының директоры Ж. делдал О. арқылы К. есімді ЖШС құрылтайшысынан талап етілген 73,5 миллион теңгенің 12,2 миллионын пара ретінде алған. Бұл ақша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу мақсатында берілген делінген.

Сот үкімі бойынша:

Ж. – 11 жылға бас бостандығынан айырылды (ҚК 366-бап, 4-бөлім),

К. – 8 жылға сотталды (ҚК 367-бап, 3-бөлім),

О. – 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды (ҚК 368-бап, 1-бөлім).

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар