Астана тұрғыны бұрын көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айырылғанына қарамастан, мас күйінде қайтадан рульге отырып, жөл- көлік оқиғасын жасаған деп хабарлайды Dalanews.kz. қала прокуратурасына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, сотталған адам Hyundai Starex автокөлігін басқарып келе жатып, Астана- Қарағанды трассасы мен А- 105 көшесінің қиылысында рөлге ие бола алмай, Lada Priora автокөлігімен соқтығысқан.
Жол- көлік оқиғасы салдарынан жәбірленушіге 700 мың теңгеден астам материалдық зиян келтірілген.
Сот үкімімен жүргізуші Қылмыстық кодекстің 346- бабының 2- бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды және өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Материалдық шығын өндіру туралы шешім шығарылды.
-Астана қаласының прокуратурасы еске салады: көлік құралын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сондай- ақ мұндай адамға көлікті басқаруға беру немесе оны көлік жүргізуге жол беру- 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды және белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызмет түрімен айналысу құқығынан өмір бойына айыруды көздейтін қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады,- делінген хабарламада.
