Астана – Қостанай тасжолындағы видео талқыға түсті: полиция көліктерінің қозғалысы қызу пікірталас тудырды

Астана – Қостанай тасжолындағы видео талқыға түсті: полиция көліктерінің қозғалысы қызу пікірталас тудырды
Ашық дереккөз.

Әлеуметтік желіде Астана – Қостанай бағытындағы тасжолда түсірілген видео тарады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Кадрларда бірнеше қызметтік полиция көлігінің колоннамен қозғалып келе жатқаны байқалады. Желі қолданушылары видеода жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы болуы мүмкін деген пікір білдіріп жатыр.

Оқиғаға байланысты адвокат Тлеужан Кішкенебаев пікір айтты.

«Заң талаптары баршаға ортақ. Бұл жерде қандай да бір ерекше тәртіп немесе жеңілдік жоқ. Егер жәбірленуші тараптан арыз түссе, онда құқықтық баға беріліп, тиісті шаралар қабылдануы мүмкін», – деді ол.

Сондай-ақ адвокат ықтимал жауапкершілік мәселесіне де тоқталды.

«Егер осы бап бойынша арыз берілсе, онда жауапкершілік мәселесі қаралады. ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі аясында алты айға дейін көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы көзделген», – деді Тлеужан Кішкенебаев.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты ресми түсініктеме жарияланған жоқ. Видео әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатыр.