Астана мен Бурабай арасына жаңа электр пойызы қатынайды

Ақтоты Жапатова 19 мау. 2025 12:26

Шілде айының басында "Астана-Бурабай курорты" маршрутына жаңа электр пойызы шығады,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Жылжымалы құрамды жаңарту бағдарламасы аясында "Жолаушылар тасымалы" АҚ бірінші, екінші және үшінші класты жаңа электр пойызын пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Құрам Астана - Бурабай курорты бағдары бойынша жүретін болады.

Пойыз алты вагоннан тұрады және 374 орынға арналған. Ол барлық қажетті техникалық тексерулерден өтті. Қазіргі уақытта Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкес құжаттаманы ресімдеу аяқталуда. Пойыз дизайнында қол жетімділік пен инклюзивтілік мәселелеріне ерекше назар аударылған.

Әр класта биодәретханалар, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған арнайы бейінделген кабиналар қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы болу үшін платформалық көтергіштер қарастырылған. Автоматты шығарылатын аяқ тіректері, әсіресе егде жастағы жолаушылар мен балалары бар отбасылар үшін ыңғайлы отырғызу мен түсіруді қамтамасыз етеді.

Пойыздағы әрбір орын мобильді құрылғыларды зарядтауға арналған USB қосқышымен жабдықталған.  Сонымен қатар, құрамда салқын сусындар мен жеңіл тағамдар қарастырылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар