Астана маңында дала өрті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды dalanews.kz.
ТЖМ мәліметінше, Ақмола облысында далада шөп өртеніп жатыр. Өрт шыққан жерден қою түтін көтерілген.
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті құрғақ шөп өртеніп жатқанын хабарлаған.
"Өрт сөндіріліп жатыр", - деді мамандар.
Айта кетейік, 8 қыркүйекте Ақмола облысындағы "Отрадненское" КММ Ақбұлақ орманшылығы аумағында да орман өрті тіркелді.