Астана әуежайында рейстер кестесіне жаппай өзгеріс енгізілді

Сағыныш Сардарова 10 нау. 2026 16:30

Астанада қазір шамамен 20 рейс кешігіп жатыр. Бұл ұшып келу бағыттарына да, ұшып шығу бағыттарына да қатысты болып отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл жағдай Алматы, Қостанай, Шымкент, Өскемен, Орал, Қызылорда, Петропавл, Семей, Омбы және Бішкек бағыттарына әсер еткен.

Рейстердің бір бөлігі ұшақтар кеш келуіне байланысты кейінге қалдырылған. Кейбірі әуе кемелерін ауыстыруға және әуе компанияларының ішкі себептеріне байланысты тоқтатылған. Тағы бірнеше рейс елордадағы қолайсыз ауа райына байланысты шегерілді.

Бұдан бөлек, 11 рейс толықтай тоқтатылды: үшеуі ұшып келу, сегізі ұшып шығу бағытында.

Синоптиктердің болжамынша, 10 наурызда Астанада қар жауып, боран соғып, тұман түсіп, секундына 23 метрге дейін жететін жел тұрған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove