Ассамблея диалог алаңын кеңейтіп, жұмысын жандандыруы керек

Dalanews 22 шіл. 2021 09:54 1060

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстардағы филиалдары өздерінің кезекті сессияларын өткізіп, ұйымның Тәуелсіздік жылдары атқарылған жұмыстарына сараптап, өткенге шегініс жасауда. Осындай маңызды жиын Павлодар қаласынды ұйымдастырылды. Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы филиалының XXVI сессиясына облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов, облыс аумағындағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі ұлтаралық татулықты сақтауда маңызды роль атқаратын қоғамдық институтқа айналды десек артық айтқандық болмас еді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған бұл ұйым қазір қанатын кеңге жайып, елімізде бірлік пен ұлтаралық татаулықты сақтауда жауапты органға айналды.

Павлодар облысы көп ұлттар мекендейтін іргелі аймақ. Бұл жерде негізінен қазақтар мен орыстар шоғырланған. Сол себепті өңірде ұлтаралық татаулықтың сақтау маңызды. Осындай мәселелердің бәрін облыс амағындағы этномәдени бірлестіктер өзара шешіп, тігісін жатқызып келеді. Сол себепті өңірде Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы өзінің өзектілігін жоғалтқан емес.

Сессия жұмысында сөз алған облыстық Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Айнұр Раисова қазіргі таңда Павлодар облысында 106 этномәдени бірлестік жұмыс істейтінін алға тартты. Оның 23-і облыс аумағында жұмыс істесе, 83-і қала мен аудан орталықтарда жұмыс істеуде.

Бүгінде облыс аумағындағы этномәдени бірлестіктердің мүшелері өздерінің салт-дәстүрін дамытып, еліміздегі достық пен береке бірлікті дамытуға белсенді түрде араласып келеді.

Қазіргі таңда Ассамблея облыс аумағындағы ұлтаралық татулықтың дамуына барынша ықпал етуде. Бүгінде облыстық филиалдың құрамындағы Қоғамдық келсім кеңесі, «Ақсақалдар алқасы» ардагерлер кеңесі және Медиация орталығының жұмысы қоғам үшін нәтижелі болып тұрғанын атап айтуға болады. Қазақстан халқы Ассамблеясының жанынан құрылған бұл ұйымдары өскелең ұрпақты қазақстандық потротизмге тәрбиелеп келеді.

– Ассамблея жұмысын жандандыруда біздер бірінші кезекте қазақстандық потротизмді нығайтуға күш салып келеміз. Бұл біздің ұйымның басты темірқазғы десек болады. Бұдан басқа облыс аумағында азаматтық теңқұқықтық принцптерінің сақталуына да баса көңіл бөліп отырмыз, – деді Айнұр Раисова.

Пандемия кезінде Ассамбеляның жұмысына біраз өзгерістер енгені белгілі. Бүгінде ұйым қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруға айрықша көңіл бөлуде. Осы ретте Павлодар облысындағы ассамблея белсенділері «Қайырымды істер марафонына» жүзеге асыруға белсене қатысып, көмекке мұқтаж жандарға барынша қолдау көрсеткенін айта кетуіміз керек. Індет ел азаматтарын бұрыннан да біріктіре түскені белглі. Палодарлықтар да карантин кезінде көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетіп, қиындықты еңсеруге өз үлестерін қосты.

Басқосуда С.Торайғыров атындағы Павалодар мемлекеттік университетінің қызметкері Сәуле Мамытова облыста аштық жылдары және саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғаларды ақтау жұмыстары қалай жүріп жатқанына тоқталды. Қазіргі таңда саяси-қуғын сүргін кезінде жалған жаланың құрбаны болған 13 мыңнан астам бар.

Қасиетті Кереку жері қазақтың небір жайсаңдар өмірге әкелген киелі мекен десек болады. Қылышынан қан тамған кеңес заманында ел мүддесін көздеген талай азаматтар нақақтан-нақақ қуғын-сүргіннің құрбаны болып кеткені жасырын емес.

Бүгінде соларды ақтап, олардың ел мүддесі жолында істеген жұмыстарын жаңғырту Ассамблея белсенділерінің басты жұмыстарының біріне айналды. Өйткені Қазақстан халқы Ассамблеясына мүше кез келген азаматтың аталары, етжақын туыстары репрессия құрбаны болған. Бұл нәубет еліміздің басына қандай қиындықтар әкелгенін жақсы біледі. Сондықтан олар саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау ісіне бір кісідей атсалысып, тарих қойнауынан ақтаңдақтарымызды аршуға құлшына кірісіп отыр.

Жиын соңында сөз алған облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты сақтау ісінде ассамблея белсенділері алдығы лекте болуы керек екенін тапсырды. Әкімнің ойынша, бұл – үшін өңірде диалог алаңдарының кеңейтіп, жастарды тарту керек.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар