Комедия бағытында түсірілген «Интервью» фильмі Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынды барынша әжулап көрсетіп, аты шыққан болатын. Саяси мүддені көздеген туынды жарыққа шыққанда ресми Пхеньян аталған киноны ел аумағында көрсетуге тыйым салған болатын. Ал сөз бостандығын қорғаушы ұйымдар болса, осы фильмнің DVD нұсқасын сутегі толтырған шарларға байлап Солтүстік Корея аумағына тастамақ. Олар бұған дейінде транзисторлы радиолар мен түрлі кітаптарда Солтүтсік Корея аумағына тастап, мол тәжірибе жинағанын айта кетуіміз керек.
Бұл жолы саяси үгіт жұмысын іске асыруға «Кино әлем үшін», Human Rights Watch ұйымдары және Оңтүстік Корея елінің сөз бостандығын қорғаушылар ерекше белсенділік танытуда. Олардың арасында Pussy Riot тобының мүшелері де бар. Үлкен дау туғызған «Интервью» фильмі АҚШ-та ғана көрсетілген болатын.