Әскери ұшағы жоқ ел

Dalanews 04 сәу. 2016 23:35 953

Global Firepower зерттеушілерінің ақпараты бойынша, Тәжікстанның қорғанысында 8 мыңнан астам әскер мен 37 танкі бар. "Бірақ тәжік армиясында әлі күнге дейін әскери ұшақтар жоқ", - делінген рейтингте.

Зерттеу жүргізгендер Тәжікстанның әскері бұрынғыдай әлсіз, әскери техникасы мен қару-жарақтарының тең жартысынан астамы КСРО кезінде шығарылған, әбден ескірген деп есептейді. Егер де сыртқы немесе ішкі қақтығыс туа қалған жағдайда, тәжік қорғаныс күші Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымына (ҰҚШҰ) жүгінуге мәжбүр болады деп атап өткен.

Global Firepower рейтінгісі бойынша Тәжікстан әлемнің қарулы күштерінің қауқары жағынан 112-орын алып келетін. Бұл жолы 126-орынға бір-ақ түсті.

Зерттеуге сәйкес, тәжік әскерінің құрамы – 8800 офицер мен сарбаз. Жалпы алғанда 16 мың әскери қызметкер бар. Тәжік әскерінің қарамағында 30 Т-72 танкісі, 7 Т-62 танкісі, 23 жаяу әскер көлігі және 23 бронетранспортер (БТР), бір Ту-134 ұшағы мен үш МИ тікұшағы бар.

Тәжікстанның ұлттық армиясы 1993 жылдың басында елдегі азаматтық соғыс кезінде қарулы оппозицияға қарсы күрескен Халық майданы қарулы күштері негізінде құрылған. Оның өзге постсоветтік елдерден айырмашылығы совет армиясынан мұраға ешнәрсе алмады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар