Мәскеу облысында әскери қызметкер әскердегі сарбаз серігін атып өлтіріп, артынша өзі де қайтыс болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы Ресейдің Әуе-ғарыш күштері бас қолбасшылығының комиссиясы мәлімдеді.
Мәліметке сәйкес, оқиға өткен түні Мәскеу облысындағы әскери бөлім аумағында болған.
«Қазір оқиға орнында Ресей Әуе-ғарыш күштерінің бас қолбасшылығының комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады Мәскеу әскери округінің баспасөз қызметі.