Асылов прокуратура басшылығында ротация жүргізді

Қаракөз Амантай 29 қыр. 2025 17:29

Бас прокурор Берік Асылов прокуратура басшылығында ротация жүргізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Президенттің келісімімен бас прокурордың бұйрықтарымен мынадай прокурорлар тағайындалды: Батыс Қазақстан облысына – аға әділет кеңесшісі Ұласбекұлы Нұрбек; Маңғыстау облысына – аға әділет кеңесшісі Құшалиев Серікқали Жанбибекұлы", – делінген дүйсенбі күнгі хабарламада.

Сондай-ақ мемлекет басшысының келісімімен бірқатар аумақтық прокурорларға ротация жүргізілді:

  • Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау органдары академиясының ректоры – Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы;
  • Бас көлік прокуроры – Жүйріктаев Берік Қуанышбекұлы;
  • Атырау облысының прокуроры – Башшыбаев Мәдиар Бекенұлы;
  • Жамбыл облысының прокуроры – Әбілов Берік Рақатұлы;
  • Жетісу облысының прокуроры – Жұмаканов Бауыржан Альбертіұлы;
  • Қостанай облысының прокуроры – Сексембаев Марат Исламханұлы;
  • Павлодар облысының прокуроры – Байшулаков Алмат Мұратұлы;
  • Шығыс Қазақстан облысының прокуроры – Сүлейменов Тимур Қайырбекұлы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жандос Өмірәлиевті бас прокурордың бірінші орынбасары қызметіне тағайындаған еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар