Freedom Inside '26

"Асыл арман" тұрғын үй кешенінде суық судың уақытша тоқтатылуына байланысты жиын өтті

"Асыл арман" тұрғын үй кешенінде суық судың уақытша тоқтатылуына байланысты жиын өтті

Техникалық ақау салдарынан "Асыл арман" тұрғын үй кешеніне (Іргелі ауылы) суық су берудің уақытша тоқтатылуына байланысты тұрғындардың жиыны өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Оқиға орнына аудан әкімдігінің өкілдері мен полиция қызметкерлері келді. Тұрғындар келіссөздер нәтижесінде жолды жабудан бас тартты.

Қазір апат орнында мамандар жабдықты қайта бағдарламалау жүйесін аяқтады. Сонымен қатар, қуаттылығы жоғары су сорғысы ауыстырылды. Бүгін сағат 18.00-ге дейін су беруді қалпына келтіру жоспарлануда.