Артта қалған өңірлер: Бектенов бірнеше әкімге тапсырма берді

Сағыныш Сардарова 14 қаз. 2025 11:32

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы 9 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша артта қалған Абай, Ұлытау және Атырау облыстарының әкімдері әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін жақсарту бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.

"Артта қалған өңір басшылары жағдайды өзгертуге бар күшін салуы қажет", - деп тапсырды Олжас Бектенов.

Премьер-министр қазіргі жағдайда экономиканы одан әрі әртараптандыру, инвестиция тарту және тұрақты жұмыс орындарын құру үшін мемлекет пен бизнес бірлесіп, тиімді жұмыс істеуі тиіс екенін атап өтті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар