Арнайы операция: Қытайға жол тартқан киік мүйіздері контрабандасының жолы кесілді

Dalanews 13 шіл. 2021 06:40 819

ҚР ҰҚК Алматы облысында арнайы операция өткізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ҰҚК қызметкерлері киік мүйіздерін заңсыз өндіру және Қазақстаннан Қытайға контрабанда арнасын ұйымдастыруға қатысы бар қылмыстық топтың құқыққа қарсы әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізді.

"Дериваттардың ірі партиясын шетелге шығаруды ұйымдастырмақшы болған қылмыстық схеманың ұйымдастырушысы мен қатысушылары ұсталды. Жалпы салмағы 700 килограмм болатын 3144 киік мүйізі тәркіленді", деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Браконьерлік әрекет нәтижесінде Қазақстандағы киік популяциясына айтарлықтай зиян келтірілді, қазіргі уақытта олардың саны шамамен 800 мың басты құрайды.

ҚР ҚК 339-бабының 2-бөлігі ("киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде құқыққа қарсы әрекеттің өзге де қатысушыларын анықтау, фигуранттарда киік мүйіздерінің қосымша партияларының бар болуы бойынша тергеу және жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар