Арман Шораев қамауға алынды

Арман Шораев қамауға алынды
әлеуметтік желіден

Ақмола облысында әлеуметтік желіде балағат сөздер жазылған жарияланым таратқан тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұған дейін Арман Шораев әлеуметтік желіде жазбаны бөліскені үшін оны жауапқа тартайын деп жатқанын хабарлаған болатын. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында аталған жарияланымды анықтаған. Осыған байланысты Арман Шораевқа қатысты әкімшілік іс қозғалған.

Іс материалдарын қараған сот Арман Шораевты кінәлі деп танып, оған 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамау жазасын тағайындады.