Арман Шораев: "Архимед мырза, намысыңыз қайда?" (видео)

Dalanews 03 шіл. 2019 09:22 703

Қоғам белсендісі, танымал журналист Арман Шораев Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовты сын садағына алыпты.

Желідегі қауымға видеоүндеу жолдаған Шораев 100 мыңға тарта қазағы бар Қостанай қаласында қазақтілді жалғыз-ақ мектептің барына ашынды.

Оның өзі іргесі іріп, қабырғасы құлаудың аз алдында тұр екен.

"Тәуелсіздік алғанымызға 30 толады. Осы уақытқа дейін Қостанайда бір емес, ондаған қазақ мектебін ашуға болар еді. Облыс орталығында жалғыз-ақ қазақ мектебінің болғаны сорақы емес пе? Әрбірден соң бұл Тәуелсіздігімізге сын. Архимед мырза, намысыңыз қайда? Шалбарды бекерге киіп жүрген жоқ шығарсыз? Қазақ емессіз бе? Қазақ азаматы емессіз бе? Уақыт оздырмай шара қабылдаңыз. Бір емес, қазақша тәлім-тәрбие беретін он-жиырма мектеп ашылсын..." деді Шораев.

https://www.facebook.com/100001137038283/videos/2236056363108910/

Айта кетейік, президент Тоқаев өзінің Твиттердегі парақшасында бұл мәселеге байланысты Білім министрі мен облыс әкіміне жаңа оқу жылына дейін мәселені шешуді тапсырды.

https://twitter.com/TokayevKZ/status/1146295472614760449

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар