Түркістан облысы, Арыс қаласындағы Абай атындағы «Білім инновация» ер балалар лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Ерасыл Жүнісбек әлемнің үздік 30 университетінен шақырту алды,- деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Олардың қатарында City University of Hong Kong, American University of Beirut, University of Colorado Boulder, Drexel University, Temple University, DePaul University, Xavier University сынды АҚШ мемлекетінің жоғарғы оқу орындары бар.
Сондай-ақ, Ұлыбританияның University of Leeds, Queen Mary University of London, University of Glasgow сынды білім ордалары арыстық оқушыны өз қатарларынан көргісі келеді.
«Ерасылдың табысы біздің лицей оқушыларының әлеуетінің жоғары екенін көрсетіп, болашақ түлектерге үлкен жігер сыйлайды. Бұл – қажырлы еңбектің, білімге деген құштарлықтың және табандылықтың нәтижесі. Ерасылды осы керемет жетістігімен құттықтаймыз. Алдағы уақытта биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!» - дейді сынып жетекшісі Мақсат Темірхан.