Арыстанбек Мұхамедиұлы ісі апелляциялық сатыда қаралып жатыр

Dalanews 14 қыр. 2023 05:07 1041

Астанада қаралып жатқан бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты апелляциялық істе адвокат сот үкіміндегі қателікті айтты.  

2023 жылдың 20 маусымында Байқоңыр ауданының №2 сотында Арыстанбек Мұхамедиұлы, Азамат Көшенов, Алмаз Нұрасхан және Айым Садуақасоваға сот үкімі шығып, экс-министр 8 жылға бас бостандығынан айырылған  еді.

14 қыркүйекте өткен апелляциялық сот отырысында Мұхамедиұлының адвокаты Әйгерім Әнуарбек бірінші сатыдағы соттың негізсіз үкім шығарғанын мәлімдеді.

«...221 млн 411 мың 230 теңгеге азаматтық талап арыз бар. Біз бұл тарап арызбен келіспейміз. Бірінші сатыдағы сот шығын көлемі негізсіз белгіленген.

Сот 211 млннан 155 млн теңгені шығын деп есептеді. Сотқа дейінгі тергеу барысында Мұхамедиұлының әйелі Ғалия Ысқақова келген шығын ішінара өтелді – 111 млн теңге өтеді. Бірақ соттың бұл сомманы қылмыстық іс бойынша шығын ретінде қарастырылады деп шешкені бізге түсініксіз. 111 млн теңгені Ысқақова күйеуі Арыстанбек Мұхамедиұлының жазасын жеңілдету үшін төледі.


Шығын көлемі – 155 млн теңге. Бұл соманы сот 4 айыпталушы арасында тең бөлуі керек еді. Бұл соманы 4-ке бөлсек, әр адам 38 млн теңгеден өтеуі керек . Сот Мұхамедиұлы мен әйелінің рұқсатын алмастан 155 млн теңгеден 111 млн теңгені алып, басқа да сотталушылардың орнына шығынды өтетіп отыр. Сот барысында бұл туралы әңгіме болған емес. Сот Ысқақованың қаражатын негізсіз жұмсаған», - деді адвокат Әнуарбек.
Айтуынша, сот 43 млн теңгені төрт адамға бөлгенін айтады. Мұндай жағдайда Арыстанбек Мұхамедиұлы тағы да млндаған қаражат төлеуге міндетті болады.
Сот 155 млн теңгені сотталушылар арасында тең бөлуі керек еді. Заң бойынша қалған ақша Мұхамедиұлының әйелі Ысқақоваға қайтарылуға тиіс, – деді адвокат.

Адвокат Арыстанбек Мұхамедиұлының бұл жағдайға байланысты әлі өтінішхат жолдамағанын айтты.
Мұхамедиұлы кінәсін мойындап, ол соманы шығынды өтеуге қолдануға болатыны туралы өтінішхат жолдаса, мұндай жағдайда оның жазасын жеңілдетуді сұраймыз. Себебі ол шығынды теңдей бөлгенде өз бөлігін төледі және басқалардың орнына да төлеп отыр. Егер Мұхамедиұлы кінәсін мойындамай, ешқандай өтінішхат жазбайтын болса, онда қалған 72 млн теңгені Ысқақоваға қайтаруды сұраймыз, – деді Әйгерім Әнуарбек.
Істі сот алқасының төрағасы судья Мұрат Солтыбаев, судьялар Айбек Әмірғалиев пен Алмат Есімова қарап жатыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар