Freedom Inside '26

Арыстағы апат: Тоқаев Түркістанға келеді

Арыстағы апат: Тоқаев Түркістанға келеді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы апаттың мән-жайын білу үшін Түркістанға барады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласында болған оқиғамен танысу үшін Түркістан облысына өзі ұшып шығады.

Мемлекет басшысымен бірге Премьер-Министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек және құзырлы мемлекеттік органдардың басшылары да барады.