Осы орайда, бүгін қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында 2018 жылдың 10 айында Арыс ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері мен атқарған жедел жұмыстарының қорытындысы бойынша халыққа есеп беру жиыны өтті.
Қала әкімінің орынбасары С.Дәрібай төрағалық еткен жиынға Түркістан облысының полиция департаменті Анықтау басқармасының бастығы полиция полковнигі Б.Зиятаев, Арыс ауданы прокурорының орынбасры А.Кабдурахманов, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев, ауылдық округ әкімдері, Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, қалалық мәслихат депутаттары, мекемелер мен бөлім қызметкерлері, жастар және қала тұрғындары қатысты.
Жиында Арыс аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Исабеков Нұрлан Амангелдіұлының баяндамасы тыңдалып, жиынға қатысушылар тарапынан баяндамашыға сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, олардың орындалуы бақылауға қойылды.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі