Бұдан өзге, Арыс қаласы бойынша орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген халықтың үлесі 96,2%-ға жетіп отыр. Ал табиғи газбен қамтамасыз ету 3 кезеңде жүзеге аспақ. Жалпы Арыс қаласы бойынша 32 елді мекеннің жоспар бойынша 24 елді мекені табиғи газбен қамтылуы тиіс. Қалған 8 елді мекеннің 3-і көшірілген, 5 елді мекен шалғайда орналасқан.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 10 айында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2391 адам жұмыспен қамту шараларына қатысқан. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жергілікті бюджет есебінен 14 млн. теңге қаралып өңірлік комиссия шешіміне сәйкес, 70 адам оқуға жолданған. Кәсіпкерлікті ынталандыру мақсатында қала және ауылдық округтерден 6 пайыздық жеңілдетілген несие бойынша ниет білдірген 33 адамға жолдама беріліп, қаржы ұйымдар тарапынан 14 адамға 75,5 млн.теңге шағын несие берілген.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі