Арыс қаласындағы діни ахуал тұрақты

Dalanews 25 қар. 2018 04:54 893

Бұдан бұрын Түркістан облысында «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбындағы көшпелі жиындар өтіп жатқанын хабарлаған едік. 

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың арнайы тапсырмасына сәйкес, халыққа мәдени, рухани, діни тұрғыда түсіндіру жұмыстарын жүргізетін осынау жиында Арыс қаласы әкімінің орынбасары Рысдәулет Айтбаев қаладағы діни ахуалдың тұрақты екендігін айтты.

"Дәстүрлі құндылықтарға қарт адамдардың жас отбасыға берген ақыл-кеңестері жатады. Әр отбасыда бұл құндылықтар әр түрлі. Олардың ұқсас жақтары да бар. Кез келген отбасыда дінді сақтап, некені бұзбау, ұрпақ жалғастырып, бала тәрбиелеу сынды ортақ дәстүрлі отбасылық құндылықтар қалыптасқан. Әрбір отбасының басты мақсаты бақытты ғұмыр кешу болып табылады. Бақытты отбасын құру бірінші кезекте жас жұбайлардың тәрбиесіне тікелей байланысты.

«Балапан ұясында не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп қазақ халқы отбасы тəрбиесіне айрықша мəн берген. Мемлекеттің басты міндеті мен мақсаты да осы дәстүрлі құндылықтарымызды сақтап, өскелең ұрпаққа ізгілік жолын дəріптеу.


Сол міндетімізді орындау мақсатында аталған керуенді ұйымдастырып, пікір алмасуға келіп отырған азаматтарға алғысымды білдіремін", - деді қала әкімінің орынбасары.

Жергілікті халықпен кездесуде Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің директорының орынбасары Мəди Бесбаев, Түркістан облысы дін істері басқармасы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің бөлім басшысы Дәлелхан Оспанов, Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы Шолпан Мамытханова, Арыс қаласының «Ырыс алды-ынтымақ» қоғамдық форумының хатшысы, кәсіби емес медиатор, қаланың құрметті азаматы Қоныс Балқыбеков,  қалалық Жанар Байғуттиева атындағы өнер мектебі директорының орынбасары Темірхан  Әбдіковтер сөз алып, басқосудың маңыздылығына тоқталды. Жиынға қатысушылар тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды.

Қараша айының 19-нан бастау алған шара 29 қарашаға дейін жалғасты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар